ЖАҢАЛЫҚ
ЖЖЖ
    Облыстық семинар
    2025 жылғы 26 қарашада Қызылорда облысының білім басқармасы және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі «Кәсіптік-техникалық мамандықтар: еңбек нарығының сұранысы мен болашағы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

    Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестер, ТжКБ ұйымдарының басшылары және сала мамандары қатысты. Баяндамашылар қатарында Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шахизатұлы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сыздық Пірмұхаммед Айтпайұлы, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Жүнісов Абайбек Талғатұлы, «Қызылорда жылу орталығы» МКК өкілі Байкен Нұрлан Әбдуғаппарұлы және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры Бисенова Маржан Қылышбайқызы сөз сөйледі.

    «Бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы – еңбек нарығының сұранысына сай кәсіби және техникалық мамандарды даярлау. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды.
    Колледждің басты мақсаты – заманауи технологияларды меңгерген, кәсіби құзыреттілігі жоғары мамандарды даярлау. Біз жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізіп, дуалды оқыту арқылы студенттердің теория мен практика байланысын күшейтеміз. Заманауи шеберханалар мен зертханалар білім сапасын арттыруға бағытталған.
    Студенттердің 60%-дан астамы өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр, түлектердің 80%-дан астамы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, студенттер «WorldSkills» чемпионаттарына қатысып, халықаралық деңгейдегі құзыреттілікті көрсетуде», - деді колледж директоры Бисенова Маржан Қылышбайқызы.

    Семинар барысында «Болашақ маманның бір күні» атты Workshop Vision ұйымдастырылып, қатысушылар пікір алмасты және ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Қызылорда нан» ЖШС мекемелерімен меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.
    СТУДЕНТТЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
    Қызылорда ашық университеті және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі бірлесіп ұйымдастырған 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік шара өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың оқу, ғылым, спорт, өнер және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін насихаттау, олардың белсенділігін арттыру және жастар арасындағы бірлікті күшейту.

    Шара барысында оқу орнының намысын түрлі бағыттарда абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік студенттер арнайы марапаттарға ие болды. Бұл алғыс хаттар – олардың табандылығының, еңбексүйгіштігінің және үздіксіз дамуға деген ұмтылысының айқын көрсеткіші.


    Тәуелсіздік тұғыры!
    Қызылорда ашық университеті және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде 25 қазан — Республика күніне арналған салтанатты шара өтті!

    Мерекелік кеште студенттер елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ән мен жыр арқылы жеткізді.

    Сонымен қатар, шара барысында бірқатар оқытушыларымыз еңбектегі жетістіктері мен белсенділігі үшін марапатталды.

    Бұл — олардың білім мен тәрбие саласына қосқан зор үлестерінің айғағы!

    Бұл күн — ел бірлігі мен тәуелсіздігіміздің айқын символы!
    «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» эстафетасынан ерекше эмоциялар!
    Ата-аналар жиналысы
    Бүгін колледжде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқу-тәрбие процесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, студенттердің үлгерімі мен тәртібі туралы ақпарат берілді. Колледж әкімшілігі мен оқытушылар ата-аналармен ашық диалог орнатып, пікір алмасып, кері байланыс жасады.

    Ата-аналар тарапынан оқу сапасын арттыру, студенттердің бос уақытын тиімді өткізу және тәрбие жұмысына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Жиналыс өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында өтті.





    Флешмоб
    Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі «ТжКБ жүрегі / Сердце ТиПО» атты республикалық флешмобты абыроймен орындады.



    Бұл бастама – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ашықтығын, бірлігін және ұйымшылдығын айқындауға бағытталған ерекше қадам.

    Флешмобқа колледж студенттері белсене қатысып, ұжымдық рух пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті. Жастардың креативтілігі мен ынтасы ТжКБ жүйесінің шынайы жүрегі – білім мен бірлікте екенін айқындай түсті.





    ӨНДІРІС ӨРІСІНДЕГІ ТАНЫМДЫҚ САПАР
    Бүгін Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттері өңірдің жетекші агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі — «Абзал және Компания» ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында танымдық экскурсия жасады.
    Сапар барысында студенттерге компанияның тарихы мен даму жолы кеңінен таныстырылды.



    Экскурсияның алғашқы бөлігінде студенттерге күріштің құрамы, сапалық ерекшеліктері және өңдеу кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. Мамандар дәннің егілуінен бастап, дайын өнім ретінде экспортқа шығуына дейінгі барлық өндірістік сатыларды егжей-тегжейлі түсіндірді.

    Бұдан бөлек, студенттер өндіріс цехтарын аралап, заманауи жабдықтардың жұмыс істеу принципімен танысты. Компания қызметкерлері оларға өндірістің ұйымдастырылуы, логистика, экспорт үдерісі және экологиялық стандарттарды сақтау жолдары жайында мол мағлұмат берді.

    Кездесу барысында студенттер мамандардың жұмысына қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойып, өз қолдарымен кейбір тәжірибелік жұмыстарды орындап көрді. Бұл тәжірибе олардың кәсіби бағыттарын айқындап, еңбекке деген ынтасы мен жауапкершілігін арттыра түсті.

    «Ұстазым – бар сенің қасиетің» атты шарадан естелік сәттер.


    Жан жылуын жырмен, әсем әнмен өрген кеш ұстаздарға арналды. 

    Photo credits: Nicola Albertini

    All text, photo, and video materials belong to their owners and are for demonstration purposes only. Please do not use them in commercial projects.
    Made on
    Tilda