2025 жылғы 19 қараша күні Қызылорда қаласында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Жасанды интеллект: Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында колледжішілік білім алушылар арасында ғылыми–тәжірибелік конференция өткізілді.
Апталық барысында ұйымдастырылған іс-шара 405 кіші мәжіліс залында сағат 10:00-де ұйымдастырылды. Конференцияға колледж әкімшілігі, әдістемелік бөлім, пән оқытушылары, жетекшілер және білім алушылар қатысты.
Конференцияның мақсаты – білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, олардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету болып табылады.
Оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ахметова К.Н. конференцияның негізгі мақсаты – білім алушыларды зерттеушілік қызметке тарту, ғылыми-зерттеушілік және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне интеграциялау мүмкіндіктерін көрсету екендігі атап өтті.
Конференция жұмысы екі бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт: Арнайы пәндерді оқытудағы инновациялық әдістер: дәстүрлі оқытудан цифрлық әлемге;
II бағыт: Жалпы білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект.
Әділқазылар алқасы бағалау шарттарына сәйкес (тақырыптың өзектілігі, мазмұн сәйкестігі, мақсат-міндеттердің нақтылығы, теориялық-практикалық маңыздылық, ғылыми стиль, дәлелді деректер, сұрақтарға жауап беру деңгейі, баяндама/презентация сапасы) жұмыстарды бағалады.
І бағыт бойынша баяндамалар: 1.
«Ақылды ғимарат құрылыс саласында» – Карашаева Анель, СТР-24о (жетекші: Дүйсенбаева Динара Сұлтанханқызы)
2.«Жасанды интеллект және биоқауіпсіздік: ветеринариялық тәжірибедегі жаңа бағыт» – Жақыпова Аружан Жалғасқызы, В-24о (жетекші: Махмут Гауһар Нұрғисақызы)
3. «Ұн өндірісінің технологиясы және жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері» – Керимбердиев Бейбіт, РВ-24о (жетекші: Дүкенбаева Ақбота Гарифуллақызы)
4. «Цифрлық білім беру кеңістігінде бастауыш оқытудың инновациялық модельдері» – Әбілқайыр Карина Берікқызы, НО-24о (жетекші: Төлешова Мархабат Ержанқызы)
5. «Жасанды интеллект арқылы оқытудың жаңа мүмкіндіктері» – Дөнесова Аяулым, НО-24о (жетекші: Бегимбаева Ботагоз Сулейменовна)
6. «Бағдарламалауды оқытудағы Gamification (ойын элементтерін қолдану) тиімділігі» – Ешепетова Жұлдызай, ВТ-23о-3 (жетекші: Бекмұрат Асыларай Тамдыбекқызы)
ІІ бағыт бойынша баяндамалар:1. «Физикада PHET, ELFIZIKA, BILIMLAND платформалары арқылы онлайн зертханалық жұмыстар жасау» – Ғазиз Айғаным, НО-25о (жетекші: Әліпше Жансая Алмабекқызы)
2. «Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері» тақырыбын жасанды интеллект арқылы меңгеру – Серік Мирас Сүлейменұлы, ТОРА-25о (жетекші: Ойданова Жансая Жаңабайқызы)
3. «Нейронные сети: Понимание и влияние в современном мире» – Ұзақбай Аяла Нұрлыбекқызы, ФиС-25о (жетекші: Султанова Нагима Кенжегуловна)
4. «Қоқысты басқарудағы цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект» – Төрехан Нұрай Қыдырбайқызы, НО-25о (жетекші: Төлеген Зухра Дамирқызы)
5. «Болашақ кейіпкерлер: әдебиеттегі жасанды интеллекттің көрінісі» – Қоңырбаева Аружан, НО-25о (жетекші: Қазиева Жадыра Борсыкбаевна)
Сөйлегендер: Жетекшілер мен әділқазы Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің Физика пәнінің оқытушысы Кенжеев Ержан Султанбекович алқасы қатысушылардың баяндамалары тақырыпқа сай, өзекті және тәжірибелік маңызы бар екенін атап өтті. Білім алушылардың жасанды интеллект құралдарын оқу мен жобалық жұмыста қолдану дағдыларының қалыптасып келе жатқаны, презентация және ғылыми баяндау мәдениетінің жақсарғаны айтылды.
«Жасанды интеллект: Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы колледжішілік ғылыми–тәжірибелік конференция жоспарға сәйкес өткізілді деп есептелсін.
Әділқазылар алқасының шешімі негізінде жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
І бағыт бойыншаI орын – Әбілқайыр Карина Берікқызы (НО-24о)
Тақырыбы: «Цифрлық білім беру кеңістігінде бастауыш оқытудың инновациялық модельдері»
II орын – Ешепетова Жұлдызай (ВТ-23о-3)
Тақырыбы: «Бағдарламалауды оқытудағы Gamification тиімділігі»
III орын – Дөнесова Аяулым (НО-24о)
Тақырыбы: «Жасанды интеллект арқылы оқытудың жаңа мүмкіндіктері»
ІІ бағыт бойынша:I орын – Төрехан Нұрай Қыдырбайқызы (НО-25о)
Тақырыбы: «Қоқысты басқарудағы цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект»
II орын – Ғазиз Айғаным (НО-25о)
Тақырыбы: «Физикада PHET, ELFIZIKA, BILIMLAND платформалары арқылы онлайн зертханалық жұмыстар жасау»
III орын – Қоңырбаева Аружан (НО-25о)
Тақырыбы: «Болашақ кейіпкерлер: әдебиеттегі жасанды интеллекттің көрінісі»
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, ал қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, ұсынылды.