Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде Қызылорда облыстық оқу орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – дарынды әрі шығармашыл педагогтерді анықтау, қолдау көрсету және спорт саласындағы инновациялық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи оқыту әдістерін, цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдарын, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырудағы кәсіби шеберліктерін таныстырды.
Байқауға облыс колледждерінен тәжірибелі педагогтер мен жас мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, үздік педагогикалық идеяларымен бөлісті. Қатысушылар теориялық білімдерімен қатар практикалық дағдыларын, кәсіби мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Нағашыбаев Дулат Болатбекұлы;
🥈 ІІ орын – Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы Әбдіхани Жасұлан Бақытбекұлы;
🥉 ІІІ орын – Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы Ерғазы Бақтияр Махмұджанұлы;
🥉 ІІІ орын – Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің оқытушысы Ералиева Қазына Ералиевна иеленді.
🔷Сонымен қатар, «Шығармашыл педагог» номинациясымен Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің оқытушысы Садуов Жазылбек Салықович марапатталды.
🔷Облыстық кәсіби шеберлік байқауы педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби құзыреттілігін арттыруға және спорт саласындағы инновациялық идеяларды дамытуға үлкен мүмкіндік берді.