толығырақ...

Агрономия мамандығы бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттау

Агрономия білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттері мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезеңінен өтуде. Аттестаттау барысында студенттердің кәсіби білім деңгейі, теориялық дайындығы және практикалық дағдылары кешенді түрде бағаланады.

Мемлекеттік қорытынды аттестаттау – болашақ агроном мамандардың кәсіби құзыреттілігін анықтайтын маңызды кезең. Студенттер агрономия саласындағы заманауи технологиялар, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, топырақтану, өсімдік қорғау және өнім сапасын арттыру бағыттары бойынша алған білімдерін көрсетеді.

Аттестаттау комиссиясы түлектердің кәсіби даярлығына жоғары баға беріп, олардың ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлестерін қосатын білікті маман болуына сенім білдіреді.

Барлық түлектерге мемлекеттік қорытынды аттестаудан сәтті өтіп, болашақ еңбек жолдарында табыс тілейміз!
Made on
Tilda