толығырақ...

АРТ-ТЕРАПИЯ: «FEEL THE COLORS»

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» апталығы аясында колледж оқытушыларына арналған «Feel the colors» – түстерді сезін атты арт-терапиялық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында оқытушылар сурет салу арқылы өз ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Арт-терапия элементтері арқылы қатысушылар психологиялық тұрғыдан сергіп, жағымды эмоция алды.

Бұл шара оқытушылардың эмоционалдық ахуалын жақсартуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.