толығырақ...

«HackFusion Hackathon» IT-хакатоны

Аталған беделді іс-шараға Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары да белсенді түрде қатысып, өздерінің заманауи IT-білімін, креативті ойлау қабілетін және командамен жұмыс істеу дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуде. Студенттер инновациялық жобалар ұсынып, нақты мәселелерді шешуге бағытталған тың идеяларымен ерекшеленуде.

Хакатон – жас мамандардың цифрлық әлеуетін арттырып, стартап мәдениетін дамытуға үлкен мүмкіндік беретін алаң. Біздің колледждің студенттері осындай республикалық деңгейдегі жарыста бақ сынап, тәжірибе алмасу арқылы кәсіби дамуына маңызды қадам жасауда.