Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» тақырыбындағы апталық аясында «Екі тіл – бір жүрек» атты білім алушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Шараға колледждің барлық мамандықтары бойынша студенттер қатысып, қазақ және орыс тілдерінде өз шеберліктерін көрсетіп, көркем сөз оқу өнерін жоғары деңгейде танытты. Байқауға әділ бағасын беру мақсатында қазылар алқасы жұмыс жасады.
Қазылар алқасының құрамында:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі - Сарбалаева Айгүл
Қызылорда ашық университетінің мәдени іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің басшысы - Шынжырбай Роза
Кітапханашы - Егізбаева Айгүл
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды.
Қазақ тілі бойынша:
1-орын – Гсх-25о оқу тобының студенті Құдайберген Мейірім
2-орын – Вт-25о оқу тобының студенті Жансерік Өтеміс
3-орын – НО-25о оқу тобының студенті Сыздықова Айгерім
Орыс тілі бойынша:
1-орын – Фис-25о оқу тобының студенті Ғани Жанислам
2-орын – НО-25о оқу тобының студенті Нағашыбаева Мөлдір
3-орын – Оп-25о оқу тобының студенті Нарик Жанерке
Қалған қатысушылар белсенділігі мен өнері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл сайыс студенттердің тілге деген құрметін арттырып, мәнерлеп оқу мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты.