8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» атты салтанатты шара өткізілді.
Кеш барысында аяулы ұстаздар қауымы мен нәзік жанды әріптестеріміз құрмет төрінен көрініп, бірқатар аруларымыз марапатталды. Әсем ән мен күмбірлеген күй, жүрекке жеткен жырлар арқылы анаға деген шексіз алғыс пен ықылас білдірілді.
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының жүрегі, қоғамның берекесі.
💐 Барша аналар мен аруларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз!