толығырақ...

«Алғашқы әскери дайындық» пәнінен ашық сабақ өтті.

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде ФиС-25о оқу тобында «Алғашқы әскери дайындық» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақты пән оқытушысы Қазбек Жомарт жүргізіп, білім алушыларға әскери дайындықтың негізгі бағыттары, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы туралы түсіндірді.

Сабақ барысында студенттер теориялық білімдерін бекітіп, практикалық тапсырмалар орындады. Ашық сабақ білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға ықпал етті.
Made on
Tilda