толығырақ...

«Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында жыр сайысы

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – мәңгілік ел тұғыры» тақырыбында жыр сайысы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын дәріптеу, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру және жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жыр сайысы барысында қатысушылар ел тәуелсіздігі, еркіндік жолында күрескен қаһармандар, Желтоқсан рухы мен туған елге деген сүйіспеншілік тақырыптарында жүрекжарды жырларын оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша:

I орын – Вт-25о оқу тобының студенті Өтеміс Жансерік

II орын – Но-25о оқу тобының студенті Қоңырбаева Аружан

III орын – Гсх-25о оқу тобының студенті Тағайбек Іңкәр марапатталды.

Аталған шара жастардың тарихи санасын нығайтып, ұлттық рух пен елжандылықты арттыруға үлкен үлес қосты.
Made on
Tilda