Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту, өз-өзіне сенімділігін арттыру және ұжыммен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттерге эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру, стресс жағдайларын басқару, өз ойын еркін жеткізу және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі интерактивті тапсырмалар арқылы өзара пікір алмасып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Аталған шара студенттердің ішкі әлеуетін ашуға, өзара түсіністік пен қолдауды арттыруға, сондай-ақ оқу үдерісінде кездесетін қиындықтарды еңсеруге оң әсерін тигізді.