толығырақ...

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ВТ-22о оқу тобының білім алушылары кешенді мемлекеттік емтихан тапсырды.

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ВТ-22о оқу тобының білім алушылары кешенді мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан барысында студенттер мамандық бойынша алған теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, кәсіби құзыреттіліктерін дәлелдеді.

Кешенді мемлекеттік емтихан – келешек мамандардың білім деңгейін бағалайтын маңызды кезеңдердің бірі. Студенттерге алдағы еңбек жолында сәттілік тілей отырып, олардың ақпараттық технологиялар саласында білікті маман болып қалыптасатынына сенім білдіреміз.