WORLDSKILLS–2026: «КІШІ СЫНЫПТА ОҚЫТУ–2026» ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУ ӨТТІ
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде WorldSkills–2026 колледжішілік чемпионаты аясында «Кіші сыныпта оқыту–2026» құзіреттілігі бойынша байқау ұйымдастырылды. Аталған сайысқа Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері қатысып, өздерінің кәсіби біліктіліктері мен педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
Байқаудың мақсаты – білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал ету, заманауи талаптарға сай педагог ретінде кәсіби дағдыларын дамыту және шығармашылық әлеуетін арттыру.
Жеңімпаздар: Бас жүлде – Самат Салтанат Жетекшісі: Омарова Гульбану
І орын – Әбілқайыр Карина Жетекшісі: Төлешова Мархабат
ІІ орын – Әбілғазы Анель Жетекшісі : Асатулла Саяш
Байқау барысында қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеудегі әдістемелік шеберліктерін дәлелдеді. Бұл чемпионат – болашақ педагогтердің кәсіби дамуына жол ашып, олардың шығармашылық ізденісіне серпін берген маңызды алаң болды.