толығырақ...

АРАЛ АУДАНЫНДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде директордың өндірістік практика жөніндегі орынбасары Торы Азамат Қалманұлы және арнайы пән оқытушысы Мустаяпов Тимур Бауыржанұлы кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар арнайы №14 мектеп-лицейіне, Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейіне, Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясына, №220 орта мектебіне, №260 орта мектебіне, №64 орта мектебіне, №292 орта мектебіне, № 2 облыстық мамандандырылған мектеп - лицей-интернатына,№19 орта мектебіне, №71 орта мектебіне барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау – болашақ өмірдің ең маңызды шешімдерінің бірі екені ерекше атап өтілді. Колледждің білім беру бағыты, тәжірибеге негізделген оқыту жүйесі және заманауи талаптарға сай оқу үдерісі жан-жақты таныстырылды.
Made on
Tilda