толығырақ...

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Алдашбаев Сәкен және психолог Қаржаубай Мадияр қатысып, жастарға діннің қоғамдағы орны, оның тәрбиелік мәні мен рухани дамудағы маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар жастар арасында кездесетін түрлі діни ағымдар, олардың ерекшеліктері мен зиянды тұстары жөнінде ақпарат беріп, дұрыс діни көзқарас қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, ашық пікір алмасу өтті.
Made on
Tilda