толығырақ...

«SELECT сұраныстары арқылы деректерді алу» тақырыбында ашық сабақ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Көлемді деректерді өңдеу алгоритмдерін жасау» пәні бойынша «SELECT сұраныстары арқылы деректерді алу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты оқытушы Бекмұрат Асыларай жүргізді.

​Сабақ барысында білім алушылар реляциялық деректер базасынан ақпаратты іріктеудің негізгі тетіктерімен танысып, SQL тіліндегі SELECT сұраныстарын құрудың тиімді тәсілдерін меңгерді. Тәжірибелік тапсырмалар арқылы деректерді сүзу (WHERE), сұрыптау (ORDER BY) және біріктіру (JOIN) функцияларының ерекшеліктері қарастырылды. Ашық сабақ студенттердің дерекқорларды басқару жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге бағытталды.