толығырақ...

ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде № 6 қалалық емхана мамандарының қатысуымен студент жастарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында емхана қызметкерлері Б. Сыздықова, Б. Қарымсақова, А. Алдабергенова АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, КҚГҚ сақтану, ЖЖБА-дан қорғану және туберкулездің алдын алу бағытында маңызды ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар денсаулықты сақтау мәдениеті, жеке қауіпсіздік және аурулардың алдын алу шаралары жөнінде жан-жақты түсінік алды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби кеңес алды.

Аталған бас қосу жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.