толығырақ...

ТАРИХ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» атты апталық аясында «Тарих әлеміне саяхат» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты – студенттердің Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тереңдету, тарихи ойлау қабілеттерін дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Білім мен бәсеке тоғысқан тартысты сайыста қатысушылар өздерінің зеректігі мен білім деңгейін жоғары деңгейде көрсетті.

Сайыс нәтижесі бойынша:

І орын – ФиС-25о «Әл-Фараби» тобы

ІІ орын – Стр-25о «Геродот» тобы

ІІІ орын – ЭС-25о «Аристотель» тобы

Қатысушылардың өнерін әділ бағалаған қазылар алқасы:

Кітапханашы - Егізбаева Айгүл

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Сарбалаева Айгүл

Арнайы пән оқытушысы - Бауыржан Айзат.

Сайыс жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, білімдерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.
Made on
Tilda