толығырақ...

КӘСІБИ БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары Қалила Гүлдана, Төлеген Зухра, Қаршыға Айым, Сұлтанова Нағима, Бегімбаева Ботагөз кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар И. В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейіне, П. Д. Осипенко атындағы №8 орта мектебіне, Ж. Нұрманов атындағы №198 орта мектепке, №189 Белкөл орта мектебіне, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебіне, Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында оқушыларға:
 Мамандық таңдаудағы маңызды бағыт-бағдарлар,
 Қазіргі еңбек нарығындағы өзекті мамандықтар,
 Білім алу мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары жайлы жан-жақты мәлімет ұсынылды.
Made on
Tilda