толығырақ...

«WORLDSKILLS QYZYLORDA – 2026» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

«WORLDSKILLS QYZYLORDA – 2026» ОБЛЫСТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

«WorldSkills» – жастардың кәсіби шеберлігін дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және халықаралық стандарттарға сай білікті кадрларды даярлауға бағытталған беделді қозғалыс. Жыл сайын өткізілетін чемпионат студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, өз саласының үздігі атануға мүмкіндік береді.

Осыған орай, «WorldSkills Qyzylorda – 2026» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«АКТ желілерінің инфрақұрылымы» құзыреттілігі бойынша І дәрежелі дипломмен Қазбек Жандос марапатталды.
Жетекшісі: Скакова Нургул Демесиновна.

«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломға Райымбеков Аяп Кендебайұлы ие болды.
Жетекшісі: Жанзакова Сандуғаш Елубаевна.

«Плиткамен қаптау» құзыреттілігі бойынша ІІ дәрежелі дипломға Алматұлы Еркебұлан ие болды.
Жетекшісі: Тоқмейілова Нұрай.

«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Айділда Азат Нұрболатұлы марапатталды.
Жетекшісі: Мустаяпов Тимур Бауыржанович.

«Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша lll дәрежелі дипломмен Оразбек Нұрхан Нұрланұлы марапатталды.

Жетекшісі: Қәдір Қолқанат.

Студенттеріміз бен жетекшілерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер – сапалы білімнің, табанды еңбектің және кәсіби шеберліктің айқын көрінісі.
Made on
Tilda