толығырақ...

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ МАҢЫЗЫ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

🔹Бүгін Облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Жастар және Конституция: белсенді азаматтық ұстаным» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

🔹Кездесуге білікті заңгер Байменов Нұрсұлтан Шаяхмедұлы және «Golden Qazaqstan» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжебек Бақытбек Кенжебекұлы спикер ретінде қатысып, еліміздегі Конституциялық реформалар туралы, оның қоғам өміріндегі рөлі мен болашақ ұрпақ үшін маңызы туралы кеңінен баяндады.

🔹Кездесу барысында Конституциялық реформаның жобасында көзделген негізгі заңдар мен ережелер жан-жақты талқыланып, олардың қоғам өміріне тигізер ықпалы жөнінде пікірлер айтылды. Сондай-ақ, азаматтық белсенділік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру - тұрақты әрі әділетті қоғам құрудың негізгі алғышарты екеніне ерекше тоқталды.

🔹Кездесу барысында жастар тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға спикерлер жан-жақты жауап беріп, өмірлік және кәсіби тәжірибелеріне сүйене отырып, ой-пікірлерімен бөлісті.

🔹Ашық форматта өткен жиын студент жастардың құқықтық танымын кеңейтіп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Made on
Tilda