Қызылорда облысы білім басқармасы мен Халықаралық ОРДА жоғары колледжі ұйымдастыруымен техникалық мамандықтар аясында өткен «Халықаралық EnergyPro: Электрмен жабдықтау жүйесін жобалау және монтаж» тақырыбындағы демонстрациялық жобалар сайысы өз мәресіне жетті.
Аталған білім бәйгесінде Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенті 🎓 Райымбеков Аяп Кендебайұлы кәсіби дайындық деңгейін, теориялық білімін және практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, 🥉 ІІІ орынды иеленді.
Сайыс барысында қатысушылар электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау, монтаждау, техникалық шешімдерді негіздеу және инженерлік ойлау қабілеттері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде студентіміз өз жобасының сапасымен, техникалық дәлдігімен және орындау мәдениетімен ерекшеленді. Жетекшісі: Жанзакова Сандуғаш Елубаевна
Бұл жетістік – жүйелі еңбектің, сапалы білім мен кәсіби бағыттағы дайындықтың нәтижесі. Студентіміз бен жетекшісін лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық және кәсіби байқауларда толағай табыс тілейміз.