толығырақ...

«ШАЛҚАР ДАЛАНЫҢ САЙЫНЫ» АТТЫ ӘДЕБИЕТ САҒАТЫ ӨТТІ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай «Шалқар даланың Сайыны» атты әдебиет сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға Эс-25о оқу тобының білім алушылары қатысты.

Әдеби кеш барысында жазушының танымал туындысы Жусан иісі повесіне талдау жасалып, шығармадағы соғыс жылдарындағы ауыр тұрмыс, жетімдік тағдыры мен адамгершілік құндылықтар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, кітап көрмесі арқылы еңбектері таныстырылды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу болды.
Made on
Tilda