КӘСІБИ ШЕБЕРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ: WORLDSKILLS–2026 КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде WorldSkills–2026 колледжішілік чемпионаты аясында «Плиткамен қаптау» құзіреттілігі бойынша байқау өткізілді. Аталған жарыстың мақсаты – студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлауға ықпал ету.
«Плиткамен қаптау» — жоғары дәлдікті, эстетикалық талғамды және кәсіби шеберлікті талап ететін сұранысқа ие құзыреттілік. Мамандар қабырғалар мен едендерді керамикалық, табиғи тас және басқа материалдармен, заманауи технологияларды қолдана отырып, ұзақ мерзімді және сапалы қаптайды
«Плиткамен қаптау» құзыреттілігінің негізгі аспектілері:
Материалдарды білу: Керамикалық плиткалар, керамогранит, мозаика, табиғи және жасанды тастармен жұмыс істеу.
Дайындық жұмыстары: Беткейлерді (қабырға, еден) тегістеу, гидроизоляция жасау, астарлау (грунтовка).
Технологиялық процесс: Желім ерітінділерін дайындау, плиткаларды кесу, бекіту, деңгейін тексеру және тігістерді (шов) өңдеу (затирка).
Дәлдік пен эстетика: Сызықтардың түзулігін, суреттің сәйкестігін және дизайн талаптарын сақтау.
Байқау барысында қатысушылар плиткамен қаптау жұмыстарының сапасы, дәлдігі, уақытты тиімді пайдалану және орындау техникасы бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде үздік шыққан студенттер анықталып, жүлделі орындарға ие болды.
1-орын – Алматұлы Еркебұлан (СТР-24о)
2-орын – Сүйеніш Нұрым (СТР-23о)
Жеңімпаз студенттерді құттықтай отырып, алдағы кәсіби байқауларда да жоғары жетістіктерге жетулеріне сенім білдіреміз.