Бүгін «Абай Даулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» өзара қызмет және ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында екі мекеме білім беру, кәсіби тәжірибе, ғылыми-тәжірибелік жобалар және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.
Бұл келісім оқу орны мен өндірістік серіктестік арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби дағдылары мен тәжірибесін арттыруға тың серпін беретін маңызды қадам болып отыр.