толығырақ...

WORLD SKILLS – «АКТ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ» ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

Бүгін колледжімізде WorldSkills Kazakhstan 2026 кәсіби шеберлік чемпионаты аясында «АКТ желілерінің инфрақұрылымы» құзыреттілігі бойынша колледжішілік байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.

Байқаудың мақсаты – ХХІ ғасырдағы цифрлық қоғам үшін аса маңызды АКТ желілерінің инфрақұрылымы саласының маңыздылығын түсіндіру, модульдері бойынша талдау жүргізу және олардың ерекшеліктерін тәжірибе арқылы көрсету. Қатысушылар желіні жобалау, кабельдік жүйелерді монтаждау, желілік құрылғыларды баптау, серверлік қызметтерді орнату және ақауларды анықтау бағытында кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Әрбір жұмыс кәсіби стандарттарға сай әділ бағаланып, студенттердің техникалық сауаттылығы мен практикалық дағдылары жоғары деңгейде бағаланды.

Жүлдегерлер:
* Бас жүлде – Алпысбаев Нұрасыл (ВТ-24о)
* 1 орын – Қожантай Нұрай (ВТ-23о-1)
* 2 орын – Ермекбай Төлеби (ВТ-23о-1)
* 3 орын – Шымболат Абдулла (ВТ-24о)

Сарапшылар:
* Абдикадиров Қайрат Әлібекұлы – Қазақтелеком АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы
* Торы Азамат Қалманұлы – директордың практика жөніндегі орынбасары

Чемпионат студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып, болашақ ІТ мамандарының бәсекеге қабілеттілігін нығайтты. Қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен толағай табыс тілейміз!