толығырақ...

«Білім беру жүйесінде жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен тәуекелдер»

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі базасында облыстық оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру жүйесінде жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен тәуекелдер» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Аталған іс-шара өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады.
Конференцияның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын білім беру жүйесіне енгізудің мүмкіндіктері мен шектеулерін талқылау, тәжірибе алмасу және заманауи педагогикалық үдерістерде ЖИ-ді тиімді қолдану бағыттарын айқындау.

Конференцияның барысында:
• білім сапасын арттырудағы ЖИ-дің мүмкіндіктері;
• білім алушылардың жеке оқу траекториясын қалыптастыру;
• оқу процесін автоматтандыру және талдау құралдары;
• педагог қызметінің трансформациясы;
• дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттар жан-жақты қарастырылды.
Конференция жұмысы пікірталас, сұрақ-жауап және тәжірибе алмасу форматында ұйымдастырылып, қатысушылар арасында кәсіби диалог орнады.
Іс-шараға барлығы 30 оқытушы қатысты, оның ішінде 12 қатысушы Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қосылды. Бұл конференцияның ашықтығын, қолжетімділігін және аймақтық қамтылу аясын кеңейтті.

Қатысушылар төмендегі білім беру ұйымдарынан болды:
• Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі
• Болашақ университетінің жоғары колледжі
• Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
• Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі
• Болашақ жоғары медициналық колледжі
• Қазалы аграрлы-техникалық колледжі
• Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжі
• Арал көпсалалы колледжі
• Арал индустриалды-техникалық колледжі
• Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі
• Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі
Сарапшылар құрамы:
• Облыстық білім басқармасы облыстық оқу орталығы (Әдістемелік кабинет) ТжКББ бөлімінің әдіскері Бексейтова Жанат Мнажановна;
• Қызылорда Ашық Университеті аға оқытушысы, техникалық ғылымдарының магистрі Ибрагимова Еркеназым Ибрагимқызы;
• №7 мектеп-лицейі информатика пәні мұғалімдері, педагог-зерттеушілер Оспанова Асель Абдугапбаровна және Дусбаева Нуржамал Пирназаровна.
Сарапшылар ұсынылған баяндамалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, практикалық маңыздылығына және инновациялық сипатына баға беріп, қатысушыларға кәсіби ұсыныстар мен әдістемелік бағыт-бағдар ұсынды.
Қорытынды нәтижелер:
Конференция қорытындысы бойынша:
• І орын – Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушысы Абишова Айсұлу Демеуовна;
• ІІ орын – Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы Бедебекова Салтанат Нұрболатқызы;
• ІІІ орын – Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің оқытушысы Дайракулова Гульмира Таубаевна.
Қалған қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Өткізілген облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өңір педагогтерінің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге, жасанды интеллект құралдарын тиімді және жауапты қолдану мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ педагогтердің цифрлық және ЖИ-құзыреттіліктерін дамытуға маңызды серпін берді.
Конференция нәтижелері алдағы уақытта білім беру ұйымдарында ЖИ технологияларын жүйелі және әдістемелік тұрғыда енгізуге негіз болады.