толығырақ...

ҰСТАЗ ЖОЛЫ – 2026: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ!

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» апталығы аясында «ҰСТАЗ ЖОЛЫ – 2026» байқауы өтті.

🔹Сайысқа қатысушылар өздерінің кәсіби шеберлігін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін және шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Қорытынды нәтиже бойынша:

І орын – Махмут Гауhар Нұрғисақызы

ІІ орын – Асатулла Саяш Исламқызы

ІІІ орын – Әбдіхани Жасұлан Бақытбекұлы

Номинациялар:

Камал Әсел Нұрланқызы – «Болашақтың жарқын ұстазы»

Дүкенбаева Ақбота Гарифоллақызы – «Заманауи сабақ шебері»

Ойданова Жансая Жаңабайқызы – «Жаңашыл жас педагог»

Әліпше Жансая Алмабекқызы – «Ізденімпаз ұстаз»

Әділқазылар алқасы:

Сарбалаева Айгүл – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Төлеген Зухра – колледж әдіскері

Бисембаева Шолпан – әкімшілік және кадрлық жұмыстар басқармасының бас маманы

Байқау ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, үздік тәжірибелерді насихаттауға ықпал етті.
Made on
Tilda