толығырақ...

8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ.

2026 жылдың 4-6 наурыз күндері аралығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында волейболдан облыстық жарыс өткізілді.

Жарыстың мақсаты оқытушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, үздік колледж командасын анықтау, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Екі күнге созылған жарыстың нәтижесі

І орын - Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

(Жаңақорған ауданы)

ІІ орын - Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі

(Қызылорда қаласы)

ІІІ орын - Сырдария аграрлы-техникалық колледжі

(Сырдария ауданы)

Сонымен қатар үздік деп танылған ойыншылар мен жүлдегер командалар арнайы Білім басқармасының дипломдары және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының есебінен бағалы сыйлықтар табысталды.

Колледжіміздің оқытушысы Қалила Гүлдана "Үздік нәтижелі ойыншы" номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтаймыз!
Made on
Tilda