толығырақ...

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСТІ КҮНІ

«SMART EDUCATION: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТПЕН КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ» апталығы аясында Қызылорда қаласының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен «Болашақ» жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған ТжКББ ұйымдары арасындағы спорттық жарысқа Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенттері белсенді қатысты.

Жарыс өте тартысты өтті. Студенттеріміз ерекше дайындық пен жоғары спорттық шеберліктерін көрсетіп, бірқатар жүлделі орындарды иеленді:

Гір көтеру (+60 кг) – 1 орын ЭС-25 оқу тобының студенті - Егемберген Айқын

Ләңгі тебу – 2 орын Тора-24 оқу тобының студенті - Ерболат Бердимурат

Асық ату – 3 орын Агр-23о оқу тобының студенті - Дөңес Мақсат

Қол күрес – 3 орын ЭС-24 оқу тобының студенті - Койшыгул Айбол

Студенттерді жарысқа дайындаған жетекшілері — Әбдіхани Жасұлан және Жаппасбай Бақдәулет.

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің жастары бұл жарыста біліммен қатар спорттағы өз қарым-қабілеттерін де дәлелдеп, колледж абыройын асқақтатты.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Made on
Tilda