Бүгін «WorldSkills 2026» колледжішілік чемпионаты аясында “Веб-технология” құзыреттілігі бойынша байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.
Аталған сайыс студенттердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, веб-технологиялар саласындағы теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетуге мүмкіндік берді. Қатысушылар нақты техникалық тапсырмаларды орындап, веб-сайт құрылымын жобалау, заманауи дизайн әзірлеу және функционалды беттер жасау кезеңдері бойынша өзара бақ сынасты. Әрбір жұмыс кәсіби талаптарға сай әділ бағаланды.
Жүлдегерлер: Бас жүлде: Медеубаева Бибінұр (ВТ-23о-3)
1 орын: Ешепетова Жұлдызай (ВТ-23о-3)
2 орын: Әмірова Көркем (ВТ-24о)
3 орын: Аманқұл Нұрасыл (ВТ-24о)
Сарапшылар: Беген Дәулетбек Бегенұлы – Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінің оқытушысы
Раушанбек Нұрдаулет – Қызылорда Ашық Университетінің ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы
Чемпионат студенттердің шығармашылық қабілетін, техникалық сауаттылығын және кәсіби дайындығын айқын көрсетті. Қатысушыларға алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!