толығырақ...

AI ДӘУІРІНДЕГІ МҰҒАЛІМ: ТРЕНИНГ САБАҒЫ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» тақырыбындағы апталық аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім: бейне жасаудың жеңіл жолы» атты тренинг сабағы өткізілді.

Тренинг барысында қатысушыларға жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, білім беру үдерісінде бейне контент жасаудың заманауи тәсілдері таныстырылды. Қатысушылар практикалық жұмыс арқылы өз дағдыларын жетілдіріп, пайдалы ақпараттар алды.

Тренингті Бекмұрат Асыларай жүргізіп, қатысушыларға бейне жасаудың жеңіл әрі тиімді жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға бағытталып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.