толығырақ...

ДӘСТҮРЛІ «ҰЛТТАР САЙЫСЫ» ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» апталығы аясында 1-курс студенттері арасында дәстүрлі «Ұлттар сайысы» өткізілді.

🔷Сайыс барысында қатысушылар әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

🔹 1-кезең – «Таныстыру»Топтар таңдаған ұлттың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін әсерлі түрде таныстырды.

🔹 2-кезең – «Өнер көрсету»Қатысушылар ән, би және сахналық көріністер арқылы ұлттық өнердің әсемдігін паш етті.

🔹 3-кезең – «Ұлттық тағамдар»

Әр топ өз ұлтына тән тағамдарды таныстырып, оның дайындалу ерекшеліктері туралы мәлімет берді.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – НО-25о оқу тобы (Орыс ұлты)

І орын – ВТ-25о оқу тобы (Африка ұлты)

ІІ орын – ЭС-25о оқу тобы (Сыған ұлты)

ІІІ орын – ТОРА-25о оқу тобы (Өзбек ұлты)

Алғыс хат – ФиС-25о оқу тобы (Грузия ұлты)

Аталған сайыс студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне деген құрмет пен қызығушылықты арттырды.