БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 115 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «БАТЫР ЖОЛЫ – ЕРЛІК МЕКТЕБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін қазақ халқының даңқты перзенті, батыр, қолбасшы, әскери стратег, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Осыған орай, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқу орнымызда «Батыр жолы – ерлік мектебі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарға Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолын кеңінен таныстыра отырып, отансүйгіштікке, елін сүюге, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ тарихи жадымызды жаңғырту.
Шара барысында:
- 99215 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, бөлім бастығы майор Алжанов Мұхтар Саинұлы;
-«Қызылорда облысы бойынша «Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлегенов Болатбек Шымбайұлы;
-Қызылорда қаласы бойынша «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шахатов Жұмабек Алиханұлы;
-облыстық жастар ресурстық орталығының «Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау» бөлімінің басшысы Ахметова Айшолпан Тұрсынбекқызы мазмұнды баяндамалар жасап,
🇰🇿Бауыржан Момышұлының балалық шағы, әскери қызмет жолы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы теңдессіз ерлігі, Мәскеу түбіндегі шайқастағы батырлығы, қолбасшылық қабілеті мен жауынгерлік рухты қалыптастырудағы орны туралы кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар деректі фильм арқылы Бауыржан Момышұлының майдандағы ерлікке толы өмір жолымен, қаһармандық болмысымен, өр рухы мен қайсар мінезімен тереңірек танысты. Фильм батырдың ел мен жер алдындағы адалдығын, жауынгерлік тәртіпке беріктігін, отансүйгіштік ұстанымын айқын көрсетіп, жастарға үлкен рухани әсер сыйлады.