толығырақ...

ЛОГИКА МЕН БІЛІМ ТОҒЫСҚАН САЙЫС

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» тақырыбындағы апталық аясында «МИФ-прогресс формуласы» атты 1 курс білім алушылары арасында интеллектуалды сайыс өтті.

Байқауға әділ бағасын беру мақсатында қазылар алқасы жұмыс жасады.

Қазылар алқасының құрамында:

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Сарбалаева Айгүл.

Математика пәнінің оқытушысы – Құрманәлі Құлпыбай.

Математика пәнінің оқытушысы – Ыскакова Роза.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1 орын: СТР-25о – Пифагор тобы

2 орын: В-25о – Алгоритм тобы

3 орын: ВТ-25о – Ньютон тобы үздік деп танылып дипломдармен марапатталды.

Қалған топтар белсенділігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл сайыс студенттердің математика, информатика және физика пәндері бойынша білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пәндерге деген қызығушылығын арттыруға үлес қосты.