толығырақ...

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі мен «Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат білім беру мен өндіріс, ғылым салалары арасындағы байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби даярлық сапасын арттыруға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізу және кадрлық әлеуетті дамыту бағыттарында серіктестік орнатуға уағдаласты.

Салтанатты рәсім барысында екі тарап ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, бұл қадам болашақ мамандарды даярлау ісіне тың серпін беретінін жеткізді.
Made on
Tilda