Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде ТЭ-23о оқу тобы білім алушыларына «Жылулық сорғылар және айналмалы механизмдер, олардың жөндеу жұмыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты арнайы пән оқытушысы Байкен Нұрлан жүргізіп, ОН 2.3 «Жылумеханикалық жабдықтарды уақытылы және сапалы жөндеуді қамтамасыз ету» оқу нәтижесі аясында студенттерге теориялық және тәжірибелік білім берілді.
Сабақ барысында жылулық сорғылар мен айналмалы механизмдердің жұмыс істеу принциптері, техникалық қызмет көрсету ерекшеліктері және жөндеу кезеңдері жан-жақты түсіндірілді. Білім алушылар белсенді қатысып, өндірістік бағыттағы тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасты.