Бұл күн – Наурыз мейрамы мерекесінің шарықтау шегі, табиғаттың жаңарып, тіршіліктің түлейтін ерекше сәті. Күн мен түн теңеліп, жер бетіне жылылық пен жарық орнайды. Бұл – жаңа жылдың бастауы, жақсылық пен берекенің белгісі. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында ұлттық рухты дәріптейтін әсерлі әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде орындалған халық әндері мен заманауи әуендер мерекенің сәнін келтірді. Әншілердің әсем дауысы мен сахна мәдениеті көпшілікті тәнті етті.
Би бөлімінде ұлттық нақыштағы хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Қазақ биінің әсем қимылдары, қыздардың иірімдері мен жігіттердің ширақ қозғалыстары мерекенің мазмұнын аша түсті. «Қара жорға» биі ерекше ықыласпен қабылданып, көрермендер де бірге қол соғып, қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, сахналық көріністер арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Көріністерде тұсаукесер, наурыз бастауы сияқты көріністер көрсетіліп, олардың тәрбиелік мәні ашылды. Кейіпкерлердің шынайы ойыны мен ұлттық киімдері көрініске ерекше көрік берді.
Жалпы, мерекелік шара барысында ұсынылған әндер, билер мен көріністер көрермендерге ерекше әсер қалдырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне ақ тілек айтып, өкпе-реніштерін ұмытып, татулық пен бірлікті нығайтады. Дастархан жайылып, наурыз көже дайындалып, үлкендерден бата алынады. Бұл – ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, рухани құндылықтарымызды дәріптейтін қасиетті күн.
Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-дәулет тілеймін! Жүректеріңізге жылулық ұялап, үйлеріңізге қуаныш пен молшылық орнасын. Жаңа жыл әрқайсыңызға жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктер әкелсін! ✨