толығырақ...

МЕМОРАНДУМ

«Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен инновациялық жетістіктер» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар

Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі жанындағы «Ветеринария», «Зоотехния» және «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің, сондай-ақ колледждің «Жұмысшы мамандықтары жылы» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары арасында «Ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен инновациялық жетістіктер» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Семинардың мақсаты:

• ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді насихаттау;

• «Ветеринария», «Зоотехния» және «Агрономия» мамандықтары бойынша педагогтердің тәжірибе және әдістемелік алмасуын қамтамасыз ету;

• өндірістегі тәжірибелі мамандардың кәсіби тәжірибелері мен жетістіктерін ортаға салу;

• жұмысшы және техникалық мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім берудің имиджін нығайту.

Семинарға қатысқандар:

Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерімен қатар, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің, BASF Орталық Азия компаниясының, «KazAgroscience» қауымдастық бірлестігінің, «Ақ-Сүт» ЖШС-нің, «Agro Tur» шаруа қожалығының, және Сарыағаш жеміс-жидек сорт сынау мекемесінің мамандары қатысты.

Семинар барысында:

Қатысушылар ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялық жетістіктерді оқу процесіне енгізу арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие, заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлау мәселелерін талқылады.

Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.

Семинарға белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен және кәсіби жетістіктерімен бөліскен қонақтарға Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі атынан алғыс хаттар табысталды.