толығырақ...

AI CUP: ОЙ МЕН СӨЗ САЙЫСЫ

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтары» бөлімінің ұйымдастыруымен, «Цифрлық ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» тақырыбындағы апталық аясында «AI CUP – Жасанды интеллект: адамзаттың болашағы ма әлде қауіп пе?» атты қалалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.

Аталған турнир АПФ және ЛД форматтарында ұйымдастырылып, оған 1-курс студенттері мен 9–11 сынып оқушыларынан құралған 16 команда қатысты. Қатысушылар өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, жоғары деңгейдегі дайындықтары мен шешендік қабілеттерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша:

І орын — «Old Golds» фракциясы

ІІ орын — «Керей мен Жәнібек» фракциясы

ІІІ орын — «Ақиқаты осы» фракциясы

Арнайы номинациялар:

Ең үздік спикер — Жалдеш Икрам

Ең үздік оратор — Русланқызы Назерке

Мақсаты айқын ойыншы — Жеңіс Дәулет

Ең сенімді ойыншы — Санжарұлы Әлмұхаммед

Дебаттық креатив — «Apex» фракциясы

Ең білімді ойыншы — Бейбітбек Жаннұр

Іс-шараның басты мақсаты — жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастыру және пікірсайыс мәдениетін насихаттау.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!