Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» апталығы аясында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептер арасында «Бастауыш сыныпта жасанды интеллект құралдарын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты — білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияны талқылау және бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын жеңілдететін жасанды интеллект құралдарын таныстыру.
Шара барысында қатысушылар:
• өз тәжірибелерінде қолданылып жүрген ЖИ платформаларымен бөлісті;
• сабақ жоспарлауды автоматтандыру мен креативті тапсырмалар әзірлеудің тиімді тәсілдерін көрсетті;
• өзара тәжірибе алмасып, цифрлық қоғамдастықты дамытуға үлес қосты.
Аталған семинарға 8 колледж және 12 мектептен келген педагогтер қатысып, барлығы арнайы сертификаттармен марапатталды.
Жасанды интеллект — болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің де маңызды құралы. Білім сапасын арттыру жолындағы ізденістер алдағы уақытта да жалғасын табады.