толығырақ...

«САЛАУАТТЫ ӨМІР – КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС

«САЛАУАТТЫ ӨМІР – КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ» АТТЫ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің спорт залында «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен бірінші курс студенттері арасында «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты командалық эстафета сайысы өтті.

Шараның мақсаты – білім алушылардың бойында салауатты өмір салтын сақтау мәдениетін қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және ұжымдық рух пен ұйымшылдықты нығайту.

Сайысқа 9 топ қатысты:

V-Energy (В-25о), 4ever (КД-25о), Бірлік (НО-25о), Самғау (ГСХ-25о), Қайсар (ФиС-25о), The Best (ВТ-25о), Flash (ЭС-25о), Эверест (СТР-25о), Қыран (ОП-25о).

Жарыс 4 кезеңнен тұрды:

«Кім жүйрік?» — шапшаңдық пен ептілікті сынау,

«Жұптасқан ұстаушылар» — бірлік пен үйлесімділік кезеңі,

«Кенгуру» — шыдамдылық пен көңілділікке арналған жарыс,

«Арқан тартыс» — командалық күш пен рухтың сын сәті

Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде белсенділік танытып, іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды.

Мұндай спорттық жарыстар студенттердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, достық пен сергектікке үндейді.