толығырақ...

СПОРТТЫҚ САЙЫС: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Цифрлы ұрпақ: Білім. Технология. Болашақ» тақырыбындағы апталық аясында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Көңілді старт» оқытушылар арасындағы эстафеталық жарыс жоғары деңгейде өтті.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен ұйымшылдығын көрсетіп, тартысты бәсекеде бақ сынады. Нәтижесінде үздік деп танылған командалар жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-орын – «Кәсіби-техникалық мамандықтар» бірлестігі

2-орын – Қызылорда ашық университеті

3-орын – «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігі

Бұл эстафеталық жарыс ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Made on
Tilda