Құрметті студенттер, ата-аналар және әріптестер!
Біздің колледж – сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен оқу ордасы. Бұл блог арқылы сіздермен ашық байланыс орнатуды, колледж өміріндегі маңызды жаңалықтармен, жетістіктермен және жоспарлармен бөлісуді қалаймын.
Бүгінгі таңда еліміздің болашағы – білімді де бәсекеге қабілетті жастардың қолында. Сол себепті колледжіміздің басты міндеті – еңбек нарығына сұранысқа ие, кәсіби білікті, заманауи технологияларды еркін меңгерген мамандар даярлау.